Архив за день: 08/11/2019

“Қазіргі заманғы ғылым: өзгеріске бастар қадам”

08.11.2019
Featured Image
  1. 2019 жылы 8 қараша күні Павлодар қаласында “Қазіргі заманғы ғылым: өзгеріске бастар қадам” атты мектеп оқушыларына, студенттерге, және жас ғалымдарға арналған V Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, Жалтыр орта мектебінің 2 оқушы жеңімпаз атанды. 6-сынып оқушысы Қазымжанұлы Қанат 1 орын жетекшісі Мұрат Серикгүл, 11-сынып оқушысы Елемесова Зилиха Бас жүлде жетекшісі Бакауова Назира Отарбаевна. Елемесова Зилиха “Үздік жас зерттеуші” төсбелгісімен марапатталды. Оқушыларды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз. Жарайсыздар. Жалтыр мектебінің атын шығарып, биік белестерден көріне беріңіздер.

«IQanat» олимпиадасы өтті.

08.11.2019
Featured Image

«Май аудандық білім бөлімінің» ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8 қараша күні Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында аудан мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін республикалық «IQanat» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: қабілетті ауыл оқушыларын анықтау, оларға қолдау көрсету, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, олимпиаданың барлық кезеңіне қатысып, жеңімпаз болған оқушылар мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсерде олар үшін үлкен жеңілдіктер де қарастырылған. Бұл туралы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып оқушыларды құттықтаған «IQanat» олимпиадасының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі Тамара Ивановна айтып өтті. Қатысқан оқушылар физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырды. Белгілі бір тақырыпта эссе жазды. « (далее…)