Архив за день: 05/11/2019

“Адалдық сағат” өткізілді

05.11.2019
Featured Image

2019 жылдың 5 қараша күні барлық мектептерде дәстүрлі «Адалдық сағаты» өткізілді. Жалтыр жалпы білім беретін орта мектебінде аталған шараға аудандық маслихат депутаты Қ.Б.Ботабай шараға қатысып, «Парасаттылық» тақырыбында дәріс оқыды. 📚Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады. Сынып жетекшілер арнайы тренигтер өткізіп, оқушылар өз ойларын посттерлер арқылы бейнеледі. Арнайы көрсетілген бейнероликтер арқылы оқушылар тұжырымдарын шыңдады. Қ.Б.Ботабай өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырды.

Кездесу барысында оқушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді. ⁉ 🎯«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен облыстық білім басқармасы және Май ауданы @mayraioo білім беру бөлімі қолдауымен ұйымдастырылуда.