Архив за месяц: Октябрь 2019

«Қамқоршылар күні» мерекесі

29.10.2019
Featured Image

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің бастамасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен республиканың барлық өңірлерінде 2010 жылдан бастап, 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесі «Балаларға жылулық сыйла» ұранымен өткізіліп келеді.
2019 жылы 29 қазан күні Май ауданы білім беру бөлімінің @mayraioo ұйымдастыруымен Жалтыр орта мектебінде «Қамқоршылар күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалаған балаларды орналастырудың баламалы түрін кеңінен тарату, балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру.
Дәстүр бойынша Қамқоршылар күні жылулық пен мейірімділікке толы ортада өтеді, бұл қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау тапқан, баланы өз қанатының астына алған адамдардың қайырымдылығы мен қамқорлығын білдіреді.
Іс-шара барысында мектеп психологі А.К.Абеуова келген қонақтарға “Менің бақытты отбасым” тақырыбында тренинг ұйымдастырып, көңілді психологиялық ахуал туғызды. Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарламаға арнайы аудан әкімі Актаев Марат Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасары Кусаинова Мадина Кабзаитовна және де республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің журналисті Быкай Фарида Шаймарданқызы, білім беру бөлімінің басшысы Темірболатова Орынбасар Нажмиденовна шақырылды. Кеш барысында мерекелік дастархан жайылып, қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады. Қамқорлығына алған балалардың тәрбиесімен нәтижелі айналысатын қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер мен баланы қабылдайтын отбасыларының ата-аналарын аудан әкімі Актаев Марат Хамзаұлы @aktaev.marat құттықтап, тәтті сыйлықтар тарту етті.
Бұл іс-шараның өткізілуі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық қамқорлық пен жылулық табуларына және әлеуметтік жетімділіктің алдын алуға елеулі үлес қосады.

«Зерде» XV республикалық конкурсының облыстық кезеңі

29.10.2019
Featured Image

1-7- сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі 29 қазан күні Павлодар қаласындағы №25 мектебінде өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Жалтыр орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қазымжанұлы Қанат 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Мұрат Серикгүл.

Аудандық ғылыми жобалар конкурсы

28.10.2019
Featured Image

28 қазан күні Жалтыр орта мектебінің қабырғасында аудандық ғылыми жобалар конкурсы ұйымдастырылды. Жалтыр орта мектебінің 3 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар 8-сынып оқушысы Болатова Айзере физика пәнінен жетекші Кунантаева Мадина Сериковна  3-орын, 8-сынып оқушысы Кайырбек Арлан математика пәнінен жетекші Кабдыкаримова Мадина Танатовна 3-орын. 11-сынып оқушысы Елемесова Зилиха тарих пәнінен жетекші Бакауова Назира Отарбаевна  1-орын алып, облысқа жолдама алды.

“Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы” атты бірыңғай ашық сынып сағаттары

27.10.2019
Featured Image

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату,әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлі, патриоттық көзқарасын айқындау мақсатында “Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы” атты бірыңғай ашық сынып сағаттары өткізілді.

Модерация үдерісі жүргізілді

27.10.2019
Featured Image

Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəне талқылау жүргізілді.  Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдады. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетілді.

Аудандық бастауыш сыныптар арасында математикалық олимпиада

25.10.2019
Featured Image

25 қазанкүні Қазақстан ортамектебінің базасында Аудандық бастауыш сыныптар арасында математикалық олимпиада өткізілді. Әр сыныптан 1 оқушы іріктеліп алынып, ауданға жолдама алған еді. Соның нәтижесінде 4-сынып оқушысы Өмірбек Айбын ІІІ орын, 2-сынып оқушысы Камит Зере 2 орынды иеленді. 3-сынып оқушысы Камит Ерасыл 1 орын иегері болып, облысқа жолдама алды. Ерасылға алдағы жарыста сәттілік тілейміз!!

Кеңтубек ауылының 60 жылдығы мерейтойы

19.10.2019
Featured Image

19 қазан күні Май ауданының бұрынғы Жалтыр қазіргі Кеңтүбек ауылының 60 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл мерекеге орай қайта жөндеуден өткен ауылдық клубтың және ауылдың жаңа стелласының ашылу салтанаты өтті. Мерейтойда киіз үй тігіліп, ауыл жұртшылығына және қонақтарына ас берілді. Сонымен қатар, мерейтойға орай мерекелік концерт, көкпар, аударыспақ, арқан тарту және қазақша күрес ұйымдастырылды. Кеңтубек ауылының 60 жылдығы мерейтойында Жалтыр орта мектебіне ноутбук сыйға тартылды.

“Арайлы Алтын күз” атты күз мерекесі

16.10.2019
Featured Image

Жалтыр орта мектебінде 16 қазанкүні даярлық топ, 1 – 9-сынып оқушылары арасында “Арайлы Алтын күз” атты күз мерекесі аталып өтті.
Бұл кешке мектеп ата-аналары да келіп қатысып, оқушыларымыздың өнерлеріне тәнті болып қайтты. Түрлі сайыс кезеңдерінен сүрінбей өтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп 1-сынып оқушылары жеңімпаз атанды.

5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

11.10.2019
Featured Image

Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.

5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысу

04.10.2019
Featured Image

5-сынып оқушыларының ортаңғы буынға беймделуі бақылау мақсатында сабақтарға қатысып, талдау жүргізілді. Қазақ тілі, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі, орыс тілі, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың белсенділігі, қабылдау деңгейлері бақыланды.

Бірыңғай Республикалық экологиялық сағат шеңберінде экосағат

03.10.2019
Featured Image

3 қазан күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебіндеБірыңғай Республикалық экологиялық сағат шеңберінде экосағат өткізілді.
Экосағаттың мақсаты – оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау.
Эко-сағаттың бірыңғай форматы келесі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қарастырады: бастауыш, орта және жоғары сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақ
белгілі адамдармен анимациялық ролик пен бейне айналымды көрсету
мектеп жанындағы учаскелерде жасыл желектер отырғызу.
Экосағатқа 143 оқушы, 25 педагог және 30 ата-аналар қатысты. Мектептің ауласына 21 аса ағаш отырғызылды.

“БІРІНШІ СЫНЫП БАҚШАСЫ” акциясы

03.10.2019
Featured Image

Мектеп оқушылары мен ата-аналардың бірлескен көгалдандыру жұмыстары арқылы тұлғаның еңбек, рухани-адамгершілік дамуы негізінде экологиялық мəдениетті қалыптастыру мақсатында, облыстық “ЭКО🌳boom” жобасы шеңберінде “Бірінші сынып бақшасы” акциясы ұйымдастырылды. Акцияға ата-аналар 1-сынып оқушыларымен көшеттер отырғызуға қатысты. Мектеп алаңына барлығы 21 көшет отырғызылды.

1 қазан күні “Қарттар күні”

01.10.2019
Featured Image

Дүние жүзінің барлық елдерінде 1 қазан күні Қарттар күні аталып өтеді. Қай заманда болмасын, қай қоғам болмасын қарияларға, олардың аталы сөздері мен ғибратқа толы даналықтарына ерекше құрметпен қараған.
Қазыналы қарттарымызды шын жүректен айтулы мереке – Қарттар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт тілейміз!