Архив за месяц: Сентябрь 2019

Қыркүйектің соңғы ДҮЙСЕНБІСІ– ЕҢБЕК КҮНІ

30.09.2019
Featured Image

Қыркүйектің соңғы ДҮЙСЕНБІСІ– ЕҢБЕК КҮНІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған болатын. Содан бері айтулы мереке елімізде бесінші рет аталып өткелі отыр. Кәсіби мерекені тойлаудағы мақсат – жастарды еңбекке үйрету, еңбекпен есімі еленген жандарды көпке үлгі ете отырып, беделін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмысшы кәсіптерін танымал қылып, жастарды өндіріс саласына тарту басты назардан тыс қалмауы қажет. Осы бір қағидаларды қаперімізде ұстап бізде аталмыш мереке қарсаңында мектебіміздің қызметкерлеріне қажырлы еңбек атқарғандары үшін алғыс айтып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар көп жылдар осы мектепте еңбек сіңіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкеріміз Байгутанова Галина Даниловнаға алғыс хат табысталды.

Жастар жылына арналған еркін күрестен ашық біріншілігі өтті.

30.09.2019
Featured Image

2019 жылғы 26 – шы қыркүйек күні Май ауданының БЖСМ, Май ауданының 80 жылдығына және 2019 жыл жастар жылына арналған еркін күрестен ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа 100 жуық палуан қатысты. Жалтыр орта мектебінің 3-сынып оқушысы Камит Ерасыл, 4-сынып оқушысы Майдан Шади, 7-сынып оқушысы Майдан Әди, Ансаган Нұрислам 2 орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

Мектеп психолгі тренинг өткізді

27.09.2019
Featured Image

Мектеп психологі А.К.Абеуова жоспар бойынша мектеп алды даярлық тобындағы балалардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығуларын жүргізді.

“Ардагерлерді ардақтайық” акциясы

27.09.2019
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің оқушылары 1 қазан Қарттар күніне орай “Ардагерлерді ардақтайық” акциясын бастады. Аталмыш шараға мектебіміздің 5-11-сынып қатысуда. 26 қыркүйек күні 5-сынып оқушылары Кеңтүбек ауылындағы Шукутаева Бәшкен әжеміздің үйіне барып көмек қолын созып, үй шаруасына көмектесіп қайтты.

“Ардагерлерді ардақтайық” акциясы

27.09.2019
Featured Image

27 қыркүйек күні 1 қазан Қарттар күніне орай “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында 9-сынып оқушылары Кеңтүбек ауылының тұрғыны, ардақты ардагері Жамалиденова Қорлан әжеміздің үйіне барып көмек қолын созып, үй шаруасына көмектесіп қайтты.

«ЖАС МАМАН» конкурсының III кезеңі

26.09.2019
Featured Image

26 қыркүйек күні Қазан жалпы орта білім беретін мектептің қабырғасында Жидебай Арықбайұлы атындағы аудандық «ЖАС МАМАН» конкурсының III кезеңі өтті. Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өткен Жалтыр орта мектебінің АӘД пәнінің оқытушы А.Р.Амангельдинов 10-сыныпқа “Экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары” тақырыбында сабақ берді.

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

24.09.2019
Featured Image

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін бақылау мақсатында сабақтарға қатысу жүргізілді. Сабақтарда оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі, қызығушылығы, ақыл-ойының дамуы бақыланды. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатанасы, қоршаған ортаға бейімделуі бақыланды.

«Мен 5- сыныпта оқимын» атты психологиялық трениг

23.09.2019
Featured Image

5 -сынып оқушыларымен мектеп психологі Абеуова Айгерим Кусмановна өткізді. Мақсаты 5-сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету. 5-сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту. Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру. Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру.
1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
3. Топтық ереже қабылдау.
4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».
7. «Дос іздеймін» жаттығуы.
8. Кері байланыс.

“Бірге- таза Қазақстан” экологиялық акциясы

21.09.2019
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің ұжымы мен оқушылары бүгінгі Республикалық “Бірге- таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдап, сенбілікке қатысты. ✔️ Таза болса табиғат- аман болар адамзат. Қоршаған ортаны таза ұстайық🌹🌲🌿

Футбол жарысы өткізілді

20.09.2019
Featured Image

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен @mayraioo Кеңтүбек ауылында орналасқан жаңа спорттық- әмбебап алаңда аудан мектептері арасында қыздар арасында мини футбол жарысы өткізілді.
Мақсаты:
– қыздар футзалын қоғамға жақын ету;
– қыздар футзалын танымал ету;
– қыздар арасында ұлттық чемпионаттарды ұйымдастыру;
– қыздарды футзалға тарту;
– қыздар құрама командасының қорын құру.
Жалтыр орта мектебінің қыздар құрама командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшілері дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Р.К.Ахметов пен Р.А Бакауов.

«Керн -Йирасек» сауалнамасы жүргізілді

19.09.2019
Featured Image

2019-2020 оқу жылының басында 1- сыныпқа 21 оқушы қабылданды. Жоспарға сай биылғы оқу жылындағы бірінші сыныпқа қабылданған балалардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларды жаңа ортаға бейімделуі арқылы бақылау және диагностика әдістері арқылы және «Керн -Йирасек» сауалнамасы жүргізіліп, “Көңіл күй” жаттығуы жасалды.

“Family day” мерекесі

18.09.2019
Featured Image

1-5 сыныптар 18 қыркүйек 2019 ж. – Қазақстан Республикасының Отбасы күні шеңберінде “Family day” мерекесін технология пәнінің мұғалімі Ш.Е. Ешмухаметова ұйымдастырды. Family day жобасы дегеніміз отбасылық тағам жасау мәзірі. Өз жасаған тағамын таныстыру, бәліштің түрі бағаланып, тарихы баяндалуы тиіс. Аналар қыздарымен  әр түрлі тағамдар әзірлеп дайындап әкелді. сайыстың шарты бойынша әр Отбасы өздерін таныстырып, дайындалу жолын бейнеролик арқылы көрсетті. сайыс соңында әр отбасы марапатталып, сыйлықтар берілді.

“Бір ел- бір кітап” республикалық акция

18.09.2019
Featured Image

Мектебіміздің кітапханашысы Шолпан Алдангорова “Бір ел- бір кітап” республикалық акция және Тілдер айлығы шеңберінде Ә.Кекілбаевтың “Маңыздың ақыры”, Ә. Нәлібаевтың ” Поэзия” кітаптарын жаппай оқуға арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеге 5-9- сынып оқушылары қатысып, Кәзімжан Манат Ә.Кекілбаевтың өлеңдеріннен үзінді оқыды.

Электр қуатын пайдаланудағы қауіпсіздік

13.09.2019
Featured Image

13 қыркүйек күні Май ауданының электр станциясы қызметкерлері Жалтыр орта мектебінің 7-11- сыныптарға “Электр қуатын пайдаланудағы қауіпсіздік” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бейнефильм көрсетілді.