1-4-сынып оқушыларының тегін тамақтануы іске асуда

Featured Image

Елбасымыздың бастамасы бойынша 1-4-сынып оқушыларының тегін тамақтануы іске асуда
Елбасымыз «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасында білім беруді дамыту мәселелеріне байланысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын (оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және т.б.) мектеп қабырғасында тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырған болатын. Осы тарапта Елбасымыздың бастауын іске асыру мақсатында мектеп қабырғамызда мектептердің қамқоршылық кеңестерімен өңір басшысы Болат Бақауовпен кездесу өтті. Кездесудегі өзекті мәселелердің бірі – мектептегі тамақтың сапасына қатысты болды. Кездесу соңында әкім қамқоршылық кеңестерін тыңғылықты жұмыс істеуге шақырды.
Қорыта келе, жаңа екінші жарты жылдықтың алғашқы күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4-сынып аралығында бүгінгі таңда барлығы 28 оқушы (түскі тамақтану кезінде: 1-ші, 2-ші ыстық тамақпен, нан, шай) тегін тамақтанды.

Запись опубликована в рубрике Uncategorized. Добавьте в закладки постоянную ссылку.