1 қыркүйек “Білім күні”

Featured Image
“Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі” 1 қыркүйек Білім күніне арналған ” Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық” тақырыбында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып және 2-11-сынып оқушыларына салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ұстаздар мен оқушыларды және ата – аналарды мерекемен құттықтап, жаңа 2022-2023 оқу жылына сәттілік тіледі! Қонақ ретінде аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Енсебаев Р.Е., Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Сергазина А.Н., Аудандық маслихат депутаты Ботабай Қ.Б. және Кеңтүбек селолық округінің бас маманы Хамидолла С. қатысты. Жиында мектеп оқушылары ән шырқап, 4- сынып қыздары би биледі. Салтанатты жиында 11-сынып оқушылары 1-сыныпқа келген балаларға “Әліппе” кітабын тарту етті.
и ещё 3
Амака Амака и ещё 6
Поделились: 3
Нравится

Комментировать
Поделиться
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.