ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Featured Image
“Қазақстан балалары – қысқы ертегі!” қысқы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сәйкес 5 қаңтар күні Жалтыр орта мектебінің оқушылары “Аудандық өлкетану мұражайына” саяхатқа барды.
Өлкенің тарихын білу – өзінің, отбасының әулетінің ,туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады.Өзінің тегін,оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын ,тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де , сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттігін дәлелдейді.
Осыған байланысты, орта мектепте оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу, оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі беретіндігі мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырады.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.