Әдістемелік кеңес отырысы

Featured Image

2020 жылы 29 қыркүйек күні мектепте әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» № 192 бұйрығы туралы, оның педагог портфолиосын бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері сараланды.
Сарапталық кеңес ережесімен таныстырып, мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарын сараптау реті, қадамдары талқыланды. Кеңес шешімі бойынша мұғалімдердің озық іс тәжірибесін жинақтау, талқылау және тарату жұмыстарын бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу. Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнына, сапасына көңіл бөлу. Жас мамандарды, тәжірибелі мұғалімдерді ғылыми жұмыстармен айналасуға бағыттау.

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.