Ұстаз – мектеп жүрегі

Featured Image

%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b9

Алина Нұржамал Мырзабекқызы

Алина Нұржамал Мырзабекқызы Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарды.1953 жылы Май ауданына қарасты Маленков колхозында (қазіргі Кеңтүбек ауылы)  дүниеге келген. 1973 жылы Павлодар қаласындағы Воровский атындағы педагогикалық училищенің бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірді. Алина Нұржамал Мырзабекқызы Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарды. Білім беру саласында 38 жыл қызмет етіп, құрметтпен зейнетке шыққан.

      Облыстық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы – 1991 жыл, аудан әкімінің Құрмет грамотасы – 2005 жыл, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы – 2007 жыл, аудан әкімінің Алғыс хаты – 2008 жыл, жас ұрпақтың білімін шыңдауға қомақты үлес қосқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған.


%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bc-%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b9

Нургалиева Мариям Сакижановна

Нургалиева Мариям Сакижановна 1953 жылы Май ауданы Абай ауылында  дүниеге келген. 1972 жылы Павлодар қаласындағы Воровский атындағы педагогикалық училищені бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген. Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі ретінде  38 жыл  жұмыс істеді       Білім беру саласында 39 жыл қызмет етіп, құрметтпен зейнетке шыққан.


%d0%ba%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b0-%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b9

Айдарханова Гульмайраш Коныровна

Айдарханова Гульмайраш Коныровна 19534жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай  ауданы Семияр ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Семияр орта мектебін аяқтап, 2 жыл Комсомол жастар бригадасында сауыншы ретінде жұмыс істеді. 1974 жылы Семей қаласы Абай атындағы кітапханашылар техникумына түсіп, 1976 жылы аяқтады. Белогорье совхозының 2-ші бөлімшісінде кітапханашы ретінде жұмысқа орналасты. Жалтыр орта мектебінде 1995 жылдан жұмыс істейді, 2001 жылдан бастап  қазіргі күнге дейін кітапханашы ретінде жұмыс істейді.

2010 жылы Тәуелсіздік мерекесіне граматамен,  2012 жылы Аудан әкімнің Құрмет граматысымен, 2015 жылы Аудан оқу бөлімінің граматысымен  марапатталды.


torgai

Ибраева Торгай Каниевна

Ибраева Торгай Каниевна 1958 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі-арнаулы орта. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1977 жылы Павлодар педагогикалық училищені түсіп, 1979 жылы аяқтап, еңбек және сызу пәнінің мұғалімі мамандығына ие болды.Еңбек жолы 1979 жылдан бастап Жалтыр орта мектебінде технология, сызу пәнінен қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі-33 жыл.  2008 жылы білім саласының педагог қызметкерлерінің облыстық тамыз маслихатының секциялық бөлімінде «Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу құралы ретінде технология  сабақтарында ұлттық киімді, ою-өрнек тілін, мемлекеттік нышандарды оқып үйрену» атты баяндама оқыды. 2008 жылы ОПМБАИ-ның әдіскері Ш.Қайыровтың «Ұстаздар» газетінде  «Ісмердің қолы-ортақ» атты еңбегім жайлы мақаласы шықты. 2009 жылы  ОПМБАИ-ның әдіскері Видинеймен «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің бағдарламасы рецензияланды. 2009 жылы облыстық білім беру мекемелерінің ұстаздар қауымы арасында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты бейнелеу өнері конкурсына қатысқаны үшін сертификат берілді. 2011 жылы ОПМБАИ әдіскері Е.Қ.Тақырбасовпен технология пәнінен «Қолданбалы сәндік бұйымдар» тарауы бойынша сабақтан тыс әдістемелік құралы рецензияланды. 2010 жылы  Облыстық ұстаздар қауымы арасында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты бейнелеу өнері шығармашылығы конкурсына қатысқаны үшін  сертификат берілді. 2011 жылы облыстық ғылыми-тәжрибелік конференцияда «Қосымша білім беру арқылы бала тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту» атты баяндама оқыды. 2012 жылы «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналда технология пәнінен сыныптан тыс жұмысы жарияланды. 2012 жылы «Аялы алақан» аудандық сурет байқауынан 4-сынып оқушысы Смагулова Аяулым І орынды иеленді. Торғай Каниевна қазіргі кезде өзінің ерекше ілтипатымен, іскерлік қарым- қатынасымен, ізгі қасиеттерімен ұжым мен шәкірттер арасында құрметке бөленген, үлгі- өнеге болатын мерейлі де білікті ұстаз.

Т.К.Ибраева — оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының Алтынсарин  көшесіндегі 17 –үйде тұрады.


alie

Забиева Алия Ахметовна

 03.11.1958 жылы туған. Еңбек өтілі , жоғары санатты маман.  Тәжірибелі маман. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі жұмыс әдісімен жетік меңгерген. Өз ісін жетік білетін, жұмысына тиянақты, жан-жақты білімді, өзіне және басқаларға талап сұраныс қоя біледі.Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы «“Химия және биология сабақтарында танымдық қызығушылықтарын дамыту” бойынша әдістемелік жұмысты тиімді жүргізеді. 25 тамыз 2007 жылы білім саласының педагог қызметкерлерінің облыстық әдістемелік форумына қатысып, “ҰБТ- ға дайындаудың тиімді  жолдары” тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.Өз ісінің іскер маманы, сабақты теориялық, әрі практикалық жағынан терең меңгерген, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін дамытудағы жұмысымен көзге түсуде.2010 жылы облыстық III Президенттік  олимпиадасына жаратылыстану – математикалық пәндер бойынша химия пәнінен 11-сынып оқушысы Қайрылған Нұргүл қатысып, жоғары оқу орны ПМПИ- дың химия факультетінен білім алу грантына ие болды. 2010 жылы 7-8 сынып оқушылары арасында облыстық IV интеллектуалдық турнир жаратылыстану – математикалық пәндер бойынша 2 оқушы – Жантенова Жұлдыз және Ахметжанова Баян қатысып, турнир қорытындысы бойынша Май ауданының командасы III орынға иеленіп, жеке құрам бойынша биология пәнінен  8-сынып оқушысы Жантенова Жұлдыз I орынға ие болды. 2011 жылы облыстық «Ертіс-Дарыны» АҒТО-ның ұйымдастырумен биология пәнінен  жасөспірімдер арасында облыстық олимпиадаға 8-сынып оқушысы Абылгазина Гүлдана қатысушы атанды.         Сабақтарын ұжымдық оқыту әдісі және  ТИСО технологиясын қолдана отырып өткізеді. Биология пәнінен тереңдетіліп оқытуға арналған бағдарламалары құрастырды және   пән бойынша түрлі әдістемелік құралдардың бағдарламаларының авторы атанды. 2009 жылы ОПМБАИ-ның әдіскері В.М Подолецпен «Генетика және селекция негіздері» атты элективті курс бағдарламасы рецензияланды.Облыстың ең үздік мұғалімдерінің «Учитель-это призвание» кітабына енді.Аудандық химия-биология пәндері мұғалімдерінің проблемалық шығармашылық тобына жетекшілік етеді.Алия Ахметовна келешекте еңбек жолын әрі қарай жетілдіріп, жас жеткіншектердің білімін дамытуға, сапасын арттыруға өз үлесін қосатын ұстаз.


aihamal

Жексенова Айжамал Сагиденовна

Жексенова Айжамал Сагиденовна 1959 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1976 жылы  Павлодар педагогика  институтына түсіп, 1980 жылы аталған институтты ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1980-1984 жылдары Май ауданы, Белогор орта мектебінде бастаған, 1984 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі-33 жыл. Айжамал Сагиденовна әр сабағында түрлі көрнекіліктер қолданады, жоспарлау және оқыту әдістерін жақсы меңгерген.  Сабақтарында дидактикалық көрнекілік қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады. Өзінің тіл қорының молдығымен, сөйлеу ерекшіліктерімен, оның әр сабағы қызықты өтеді.  Сынынта топпен, ұжымдық оқыту әрекетінің қолданумен, оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін, танымдылығын дамытады.  Мұғалім жан-жақты дамыған, оның әр сабақта біріне-бірі ұқсамас әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, сабақтың қызықты, маңызды өтетіні айқындалды. Оқушыларды өз бетінше зерттеушілікке, шығармашылыққа үйретеді. Оқушылардың психологиялық жағдайын ескере отырып, сабақтың барысында ізденіс туғызады, жаңа мақсатқа шыға білуді үйретеді.  Сабақтарында  оқушылар ағылшын тілінде айтылған сөйлемдерді дұрыс түсініп, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жеткізе білуді, мәнерлеп сөйлеуді, грамматикалық құрылымдарды қолдана отырып сөйлемдерді дұрыс құрастыруға көп көңіл бөледі. Мәтінді түсініп оқу арқылы, тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыттайды.  Жексенова Айжамал Сагиденовна- 2008 жылы ағылшын тілін ертеден оқытуға арналған «2-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен жұмыс дәптері» құрастырып, ОПМБАИ-ның әдіскері В.В.Янбыхпен рецензияланды. 2009 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасы Педагог мамандар біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасына қатысты. Ағылшын тілін  тереңдетіп оқытуға арналған 5 және 8-сыныптарға бағдарламалар құрастырып, рецензиялар берілді. Республикалық «45 minut.kz» ұстаздар сайтында оның еңбектері жарияланды. 2012 жылы Қазақстандық интернет-олимпиадасына 7-сынып оқушысы Батаева Алтын қатысып, сертификат берілді. 2012 жылы аудандық ғылыми жобалар сайысынан 8-сынып оқушысы Батаева Алтын ІІІ орынды иеленді. 2012 жылы аудандық пән олимпиадасынан ағылшын тілінен ІІ орынды иеленді. Оқушылар ағылшын тілі пәнінен «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Кенгуру-лингвист» ойын-байқауына және Републикалық  «British Bulldog» лингвистикалық сайыстарына қатысты.

А.С.Жексенова — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының Қорабаев көшесіндегі 9 –үйде тұрады.


 Тайлакова Ардақ Мукановна

      Тайлакова Ардақ Мукановна 08.06.1961 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1982 жылы  Павлодар педагогика  училищесіне түсіп, 1984 жылы аталған оқу орнын мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1984-1994 жылдары Май ауданы, Белогор ауылында, Жалтыр ауылында тәрбиеші қызметін атқарады, 1994 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2000-2003 жылдары Павлодар университетінде оқып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы берілід. Жалпы еңбек өтілі-28 жыл. Оқыту мен тәрбиелеудің ең озық та тиімді жолдарын қолдана отырып, сабақта әр оқушыға түсінікті, мазмұнды, терең білім беруді көздеді. Өз жұмысында бастауыш сыныптағы оқушыларды бейімділік қасиеттеріне қарай ойын элементтері арқылы оқыту мен тәрбиелеу деген тақырып  бойынша жұмыс істейді. Әрбір оқушының жеке басының дамуына көңіл  бөліп, жаңа үрдісте оқушының қызығушылығын оятып, шығармашылыққа жетелейді. Оқыту технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерінің арттыруына белсенділік туғызып отырады. Сабақ барысында оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең, әсерлі көркем тілмен жүйелі баяндауын талап етеді. Қазіргі уақытта 1-сыныпқа сабақ беріп, сынып жетекшілік етеді. Жалпы сыныптың білім сапасы 78% көрсетеді.Оқушылары мемлекеттік стандартын толық меңгереді. Оқушыларының оқуға деген қызығушылығы жақсы, әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өздіктерінен білім алуға талпыныстары бар. Сыныптың оқу жылдамдығы да жеткілікті жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Сынып жетекші ретінде тәрбие жұмыстарына көп көңіл  бөледі.          Әр сабағын мазмұнды, оқушылардың қызығушылығын арттырып, әр оқушының көңіл-күйін, психологиялық дамуын ескере отырып, сабақтарда оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, дәстүрлі емес сабақтар өткізеді. Мысалы: концерт сабақ, саяхат сабақ, аукцион сабақ, ассоциация сабақ т.б. Мектеп компонентінен қосымша берілген сағаттар бойынша «Тіл дамыту» және «Қызықты математика» пәндерінің авторлық бағдарламаларын жасап және жасаған бағдарламалары ОПМБАИ –да әдіскер Б.С.Баранбаевамен бекітіліп, өз тәжірибесінде қолданады. Ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша тақырыптық тест жинағын құрастырды.

            А.М.Тайлакова- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының Алтынсарин көшесіндегі 12 –үйде тұрады.


Батаева Сара Капсалямовна

 Батаева Сара Капсалямовна 1961 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік институтына түсіп, 1986 жылы аталған институтты орыс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1986-1987 жылдары Май ауданы, Акшиман орта мектебінде бастаған, 1987 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін орыс тілі мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі-27 жыл. Батаева Сара Капсалямовна пән бойынша жұмыс істейтін мәселесі  “Сабақ барысында зерттеу арқылы оқушыларға ой-өрісін дамытуға жағдай жасап, өздіктерімен білім алуға бейімдеу» Аталған  мәселе бойынша сабақ барысында түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өздіктерінен білім алуына ықпал жасайды.  Сабақта көрнекі-құралдарды тиімді пайдаланып, сабақ сапасын арттыруды көздейді. Сабақты тартымды өткізу үшін әр тақырыпқа арналған жүйеге келтірілген, тіл дамытуға арналған карточкалар, суреттер, кестелер, тағы да басқа дидактикалық құралдарды ұстаз оқу-тәрбие жұмысында іске асыруда. Деңгейлеп оқыту, модульдік технологияны  сабақта  қолданып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылардың ойлау қабілеттері, білім, білік, дағдылары, пәнге қызығушылықтары қалыптасқаны оқушыларының үнемі “Русский медвеженок”, “Интеллектуалды олимпиада” атты интеллектуалды сайыстарға қатысқандарынан көрінеді. 2012 жылы аудандық ғылыми жобасына 10-сынып оқушысы Андасова Гүлназ “Сленг в разговорной речи” тақырыбында қорғады. 2013 жылы облыстық шығармалар сайысында Андасова Гүлназ ІІІ орынды иеленді. Республикалық «45 minut.kz» ұстаздар сайтында оның еңбектері жарияланды. 2013 жылы аудандық педагогикалық оқуларына қатысып, сертификат берілді. 2013 жылы «Көптілділік-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі» атты облыстық семинарға қатысты.

 С.К.Батаева – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының 30 жылдық  көшесіндегі 9 –үйде тұрады.   


Исина Дамелы Бакибаевна

География және тарих пәнінің мұғалімі. Жүрек жылуын, ақыл парасатын, мейірім шапағатын, адамгершілік ұлылығын,  әрбір шәкірт жүрегінен жол таба білген жоғары білімді, І санатты ұстаз. Білім саласында жұмыс істегеніне 24 жыл. Өз ісінің  шебері, шығармашылығы, даналығы  мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, абыройлы, қайырымды, ақ көңіл, іскер, методикадан хабардар, жан-жақты жаңашыл, коммуникативті, бастаған жұмысын тиянақты орындайды. Өз пәнінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып, оқушыға өзіндік таным әрекетін қалыптастырады. Өзінің мамандық шеберін қалыптастыруда оқушыларды оқыту барысында жаңа бағытта құрайды. Өз тәжірибесінде қолданбалы курстар, тереңдету оқыту  бағдарламасын құрастырып,  Павлодар облыс білім беру департаментінің педагог кадрларын біліктілігін арттыру институтымен және білім беру, тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығымен пікір алысып бекітілді және аудан көлемінде тәжірибе алмастырылды. Қызықты, танымдылығы мол сабақтары Республикалық ғылыми- педагогикалық журналда, «45 minut» ұстаздар сайтында  жарияланған. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, абыройлы беделге ие болғаны, қоғамдық жұмыстарға қатысуы өз қызметіне  жауапкершілікпен қарау, мектеп өмірінің әрі қарай дамуына үлес қосқаны үшін, білім беру беру саласын дамытуда зор үлес қосқаны үшін   2009 жыл ауыл әкімінің мадақтамасы, 2011 жылы мектеп әкімшілігінің Алғыс хаты. 2011 жылы аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен, 2013 жылы аудандық  Ішкі саясат бөлімінің Құрмет грамотасы, 2013 жылы аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы марапатталған. 

  


Смагулова Күмісай Нурсихановна

 Кумысай Нурсихановна 1962 жылы 8 желтоқсанда Киров совхозы, Май ауданы,  Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары. 2003 жыл Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және бастауыш оқытудың әдістеме мамандығы бойынша бітірді. Еңбек өтілі- 28 жыл.

Мектептің «Жас Ұлан», «Жас Қыран», жасөспірім «Достық» ұйымдарының жетекшісі. Жыл сайын алдына қойылған мақсаттары орындалуда. Мектепішілік, аудандық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, еңбектері бағалануда. 2013 жылы 20 қарашада Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз Отанымыздың нағыз болашағымыз» атты аудандық балалар жасөспірімдер ұйымының «Мен және менің ұйымым» атты өзін-өзі таныстыру сайысында оқушылары ІІІ орын иеленіп, «Мадақтама қағазымен» марапатталды. 2014жылы сәуір айында өткізілген Павлодар қаласында облыстық жас жол инсекторларының Слетіне белсене қатысқандары үшін «Жол сақшылар» командасын «Алғыс хатпен» марапатталды.Кумысай Нурсихановна өте ізденімпаз, өзіне де, өзгеге де талапшыл, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, әріптестерінің арасында сыйлы, жұмысына тиянақты. Шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз, оқушылармен әріптестер арасында парасаттылық пен мәдениеттің орнығуында жақсы нәтижеге жетіп, абыройлы еңбек етуде.


%d0%b7%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b0-0007

 


%d0%b7%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b0