«Қамқоршылар күні» мерекесі

Featured Image

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің бастамасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен республиканың барлық өңірлерінде 2010 жылдан бастап, 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесі «Балаларға жылулық сыйла» ұранымен өткізіліп келеді.
2019 жылы 29 қазан күні Май ауданы білім беру бөлімінің @mayraioo ұйымдастыруымен Жалтыр орта мектебінде «Қамқоршылар күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалаған балаларды орналастырудың баламалы түрін кеңінен тарату, балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру.
Дәстүр бойынша Қамқоршылар күні жылулық пен мейірімділікке толы ортада өтеді, бұл қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау тапқан, баланы өз қанатының астына алған адамдардың қайырымдылығы мен қамқорлығын білдіреді.
Іс-шара барысында мектеп психологі А.К.Абеуова келген қонақтарға “Менің бақытты отбасым” тақырыбында тренинг ұйымдастырып, көңілді психологиялық ахуал туғызды. Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарламаға арнайы аудан әкімі Актаев Марат Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасары Кусаинова Мадина Кабзаитовна және де республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің журналисті Быкай Фарида Шаймарданқызы, білім беру бөлімінің басшысы Темірболатова Орынбасар Нажмиденовна шақырылды. Кеш барысында мерекелік дастархан жайылып, қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады. Қамқорлығына алған балалардың тәрбиесімен нәтижелі айналысатын қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер мен баланы қабылдайтын отбасыларының ата-аналарын аудан әкімі Актаев Марат Хамзаұлы @aktaev.marat құттықтап, тәтті сыйлықтар тарту етті.
Бұл іс-шараның өткізілуі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық қамқорлық пен жылулық табуларына және әлеуметтік жетімділіктің алдын алуға елеулі үлес қосады.

Запись опубликована в рубрике Uncategorized. Добавьте в закладки постоянную ссылку.