ІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

Featured Image
Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған облыстық гуманитарлық олимпиадасын әзірледі.
Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін жүйелендіруге, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруға бағытталған пәнаралық олимпиада.
Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
Биылғы жылы ІІ облыстық гуманитарлық олимпиада 17 қыркүйекте онлайн режимде Goоgle-Disk платформасында өткізілді. Шараға 149 оқушы қатысты, оның ішінде 59 – дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, 22 – Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 68 – аудандардан.
Олимпиада екі кезеңде өтті: І – 25 тест сұрақтарына жауап беру; ІІ – эссе жазу.
Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Майдан Әди ІІ орын жүлдегері атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды. Құттықтаймыз 🎊👋👋
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.