Тәуелсіздік – Ұлы дала елінің ұлық мерекесі.

Featured Image
Тәуелсіздік – Ұлы дала елінің ұлық мерекесі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – еліміз үшін мерейлі меже, айтулы белес.
15 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мектебіміздің директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгімен марапатталды.
Жалтыр орта мектебінің ұжымы жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында көптеген ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осы игі бастамаларды көтеріп, мектебіміздің дамуында көш бастап жүретін іскер басшымыз Анар Каиркеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге, ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Ізгі тілекпен Жалтыр ОМ ұжымы💐💐💐💐 @anarzhanygulova
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.