«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР АКСЕЛЕРАТОРЫ БАЙҚАУЫ

Featured Image
2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында өтетін байқауға қатысуға келесі бағыттар бойынша жобалық топтар шақырылады:
➡️ инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);
➡️ бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);
➡️ ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;
➡️ мәдениет, өнер және халық шығармашылығы және спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;
➡️ халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;
➡️ аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау.
✅ Байқауға ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғылыми жұртшылық, өнер және мәдениет қайраткерлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.
❗❗ Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Cұлтан қ. уақыты бойынша) https://openco.kz/accelerator/kaz сілтемеcіне сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде өтінім беріп, тіркеуден өту қажет.
⭕ Өтінімдер төмендегі критерийлер бойынша іріктеледі:
1) мақсатты аудитория үшін жобаның маңызды нәтижелерінің болуы, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу;
2) белгілі бір салада және халықтың нақты топтары арасында «Рухани жаңғыру» қағидаларын іс жүзінде іске асыру үшін жобаның әлеуеті;
3) жобаның масштабтауға дайындық дәрежесі;
4) жоба идеясы немесе жоба пилоттық режимде іске асырудың ерте сатысында байқауға ұсынылған жағдайда, таңдалған салада жобаларды іске асырудағы жобалау командасына қатысушылардың өткен тәжірибесі ескеріледі;
5) жоба командасының барлық кезеңдерде акселерация бағдарламасына қатысуға және жоба моделін жетілдіру, жобаны масштабтауға ресурстар тарту үшін іскерлік байланыстар орнату бойынша жұмыс істеуге әзірлігі.
🔹 Байқау туралы қосымша ақпаратты Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің маманы және әлеуметтік жобалар акселераторы байқауына Павлодар облысы бойынша жауапты Петрович Оксана Владиславовнадан 87053843049 ұялы телефон нөмірі арқылы алуға болады.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.