РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтайды!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.