«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Featured Image

Мектеп жанындағы лагерь оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Май ауданы білім беру бөлімінің ережесіне сай күнделікті кітаппен танымдық қабілеттерін нығайтты.

Әр мектеп жанында құрылған киіз үйде оқушыларымыз «40 минут кітаппен» іс шарасы аясында жас санаттарына қарай кітап әлеміне саяхаттайды. Лагерь педагогтары мен мектеп кітапханашылары күнделікті оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі форматта ұйымдастыра білді.

«Көрнекті тұлғалардың мұрасы», «Мың бір мақал, 101 жұмбақ» интеллектуалдық викторина оқушылардың мақал-мәтел, жұмбақ туралы қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен жұмыс жазбаларын шолу, “Kitapland travel”, “Teztap”, «Ертегілер әлемінде», «Менің сүйікті кітабым» ертегі үзінділері бар квест ойындары, қолөнермен ақпаратты ұштастырған оқушыларымыз «Тақия» үлгісіне қарап тарихын оқып, оның жасалу жолдарын анықтап, киіз үйде «Тақия Fest» байқауын және мектеп алаңында кітапты таза ауада оқу шаралары мен “Әдеби этюд”, Өлең, мен сені аялап өтем!» көркем сөз оқу сайысы өтт сахналық қойылымында ұйымдастырып өткізді.

Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінің толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мәтінді тез оқуға машықтану үшін мамандар Шульте кестесінің арнайы жаттығуларын жасауды ұсынады. Бұл жаттығулар әдістемесі ауқымды көруді жақсартуға, бірден оқылатын мәтін санын арттыруға және сәйкесінше оқуды жеделдетуге бағытталғандықтан оқушыларымыз жаз уақытында осы кестені пайдаланды.

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.