Облыс әкімінің мерекелік сыйлықтары

Featured Image
2020 жылдың 25 желтоқсан күні балаларға мерекелік сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар жеткізді.
Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық шыршаларды өткізуге тыйым салынды, сондықтан сыйлықтар әр балаға облыс әкімі атынан арнайы жеткізілді. Осы жылы аудан бойынша 5 балаға, оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балаларға сыйлықтар табысталды. Біздің мектебімізден 7-сынып оқушысы Қазымжанұлы Қанат та бар. Балалар облыс әкімінен тәтті сыйлық, құттықтау хат, жұмсақ ойыншық, сондай-ақ ақшалай сертификат алды.
Қанат қонақтарды мерекеге арнап өлең оқып, алғыс пен құттықтауын айтып, қуатты.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.