«Нашақорлыққа жол жоқ» тәрбие сағаты

Featured Image
2020 жылдың 23 қыркүйек күні «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқушылардың өмірін сақтау және бақытсыздықты болдырмаудың алдын алу, оқушыларды өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайларға – нашақорлықпен айналысып, өзін – өзі айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге шақыру. Нашақорлықтың ЖҚТБ (ВИЧ СПИД) – ауруын жұқтырудың бірден – бір жолы екенін, ЖҚТБ ауруының кеселді жақтарын, соңы өлуге дейін апаратын кесел екенін жан – жақтың ойын дамыта отырып, ондай кеселдерден, дерттен аулақ болуға оның орнына, салауатты өмір салтын құруға баулу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатына мектеп медбикесі Конурбаева Гульжамал Амирхановна, жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны Саят Сайрамбекұлы Байжасаров, 7 – 11 – сыныптың мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері, ата – аналары қатысты. Мектеп медбикесі Конурбаева Гульжамал Амирхановна нашақорлыққа тәуелділіктің әсері адамдарды қылмыс жасауға итермелейтінін, нашаны қолданушылардың басым бөлігі – тұрғындардың белсенді бөлігі жастар екенін, сонымен қатар, нашақорлықпен күресудің маңызды екенін, жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны Саят Сайрамбекұлы Байжасаров жастар арасында күшті әсер ететін еліткіш заттарды және шылым қоспаларын қолдану мәліметі жоғарылап отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, ол шылым қоспаларының бренді болып табылатын синтетикалық шылым қоспасы Spice (спайс) туралы ақпарат бере отырып, оның психобелсенді, марихуанаға ұқсасты әсері бойынша және нарықта химиялық зат енгізілген шөп түрінде болатынын таныстырып өтті. Жалпы 54 адам қатысты.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.