Мектеп мақтаныштары

Featured Image

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%82%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%8b-%d0%bf-%d0%b1Сейітқазы Перизат Байтешқызы

10.1966 ж. Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр кеңшарында дүниеге келген. 1983 жылы Жалтыр орта мектебін бітірген.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

       П.Б.Сейітқазы 1990 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтынүздік дипломмен аяқтаған.

        1992-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты педагогика кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген. 1998  жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі К.Қ.Құнантаеваның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады.

         2001-2003 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы,  2003-2008 жылдар аралығында аталған университеттің «Бастауыш мектепте оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болды. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры. 2009 жылы  «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғап,  2011 ж. ҚР БҒМ шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

        150-ден  аса ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде  2 монография, 2 тұжырымдама, 5 оқу құралы мен бірнеше оқу-әдістемелік құралын дайындаған.

       П.Б.Сейітқазы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып медиабілім мәселесі бойынша зерттеу жүргізіп, осы бағытта көптеген ғылыми еңбектері жарық көрді, ғылыми зерттеулерге жетекшілік жасап жүр. Ақпараттық заманда медиабілімнің маңыздылығы жайындағы мақалалары ғылыми басылымдармен қатар, республикалық қоғамдық-саяси басылымдарда да жиі жарияланып тұрады. Оның жетекшілігімен медиабілім мәселесі бойынша магистрлік жұмыстар орындалды және докторлық диссертациялар жазылуда. Перизат Байтешқызы бірнеше ғылыми жобалардың жеңімпазы, атап айтқанда: «Медиабілім беру үдерісінде студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (2012-2014 жж) атты ғылыми жобаның жетекшісі. Оның басты нәтижесі ретінде жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне бірнеше авторлық курстар енгізілді: «Медиабілім», «Медиапедагогика», «Өзін-өзі тану мұғалімі мен әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі БАҚ», «ЖОО-да медиабілім берудің әдістері мен технологиялары». Ғылыми жобаның нәтижелері бойынша «Білім» телеарнасында «Медиабілім – педагогикадағы жаңа бағыт» тақырыбында теледәріс және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шақыруымен докторанттар мен магистранттар үшін «Медиабілімнің заманауи әдістері мен технологиялары» тақырыбында лидерлік дәріс оқылды. Ол сондай-ақ, «Теоретико-методологические основы внедрения в практику дисциплины «История педгогики и образования Казахстана» (2012-2014 жж), «Академическая поддержка студентов в условиях кредитной технологии обучения на основе зарубежного опыта (США, Англия)» (2015-2017 жж) және «Первый Президент Республики Казахстан и формирование интеллектуального потенциала страны: от идеи к реализации» (2016 ж) атты ғылыми жобалардың орындаушысы.

Перизат Байтешқызының ғылыми жетекешілігімен бірнеше ғылым кандидаттары дайындалды (Айдналиева Н.А., Жапарова Б.М.,Омарбекова А.И., Бегімбай К.М.).  2016 жылы бір докторант Ph.Dдокторлығын қорғайды деп күтілуде (Джексембаева Г.С.).Сондай-ақ осы жылдары оннан аса магистрлер дайындалды.

  2009-2010 жылдары  «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» және «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» мамандықтарынан ғылым кандидаты және ғылым докторы дәрежесін беру бойынша диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы болды.  2011 жылы ҚР БҒМ, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің педагогикалық және психологиялық ғылымдар бойынша сараптау комиссиясының мүшесі болды.

2014 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Білім мамандықтары бойынша құрылған (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі 6D010000-Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінің ғалым хатшылық міндетін атқара отырып, болашақ ғалымдарды дайындауға өз үлесін қосуда.

         П.Б.Сейітқазы 2009 жылдан бері «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы бойынша ғылыми жұмыстарға жауапты оқытушы ретінде бекітілген. Оның басшылығымен бірнеше халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-әдіснамалық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен ғылыми дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Көптеген ғылыми жинақтардың жауапты редакторы болып табылады.

       «Оқулық» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының  және  ҚР Ұлттық тестілеу орталығының тұрақты сарапшысы.

        «Вестник Самарского государственного технического университета» («Психологиялық-педагогикалық ғылымдар» сериясы), «Ғылым және білім ғасыры» ғылыми журналдарының, «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты хабаршысының» редакциялық алқа мүшесі.

Перизат Байтешқызы жоғары оқу орнындағы жетістіктері үшін  екі мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері атанды.


image-48 image-49

Ботабай Қабыкен Болатұлы 

Ботабай Қабыкен Болатұлы 1973 жылдың 22 маусымында Май ауданы, Май ауылында дүниеге келді. 1 сыныпқа Май ауылдық жалпы орта білім беретін мектебіне барды. 1982 жылы Жалтыр ауылына жанұямен көшіп келді. 1987 жылы 8 сыныптан кейін Ермак қаласының СПТУ № 19 оқып, 1991 жылы «токарь» мамандығы бойынша диплом алды.

1991-1993 әскери борышын өтеді. 1993-1996 ж.ж.Ақсу қалалық Жаяу Мұса атындағы аймақтық колледжінде сырттай оқып тәмәмдәді. 1994 жылы  аудандық БЖСМ-не «Қазақ күресі» спорт  түрінен бапкер болып жұмысқа қабылданды.

         2004-2007 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білімге қол жеткізді.

2008 жылы «10 жыл Астана» мерекелік медалімен марапатталды.

2008 – 2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП Май аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. «Нұр Отан» ХДП жоғары партиялық мектебінің сертификатының иегері .Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының» Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалімен және Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің атынан «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады. 2011 жылы ҮІІ қысқы Азия  ойындарының алаугері болып аудан атынан алау ұстап арнайы сертификатпен марапатталды, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, жазғы президенттік сынамалардан бірнеше дүркін аудан, облыс чемпионы. 10 жылға жуык үкіметтік емес ұйымы «Майталман» аймақтық жастар қоғамдық бірлестігінің директоры болып келеді.

2012 жылы өзі-өзін ұсынып, ауылдастары қолдап Май аудандық мәслихат депутаты болып сайланды. Қазіргі танда аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спорт әдіскері қызметін атқарады, «Нұр Отан» партиясының» мүшесі.

Май аудандық мәслихатының Ү және ҮІ шақырылымдарының депутаты.


%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b42%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b48%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b410%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b45%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b41%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b44%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b47%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b49


%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2


%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%ba-%d0%b0%d0%b1%d0%b5%d1%83%d0%be%d0%b2

Абеуов Серік Кабиденович


cod1edqf4zm

Негманов Ернұр Қайратұлы


wiyqxtdpuf4

Мырзабекова Тогжан Жумагалиевна 


%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba1 Қабатаев Ернұр Болатұлы

1995 жылы 1 қаңтарда Кеңтүбек ауылында дүниеге келген. Жалтыр орта мектебінің түлегі. 7 – сыныпта Павлодар қаласында спорт мектебіне түсіп, аяқтаған. Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

Жетістіктері:  

2009 жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері.

2010 жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері. Спорт интернаттар арасындағы ҚР біріншілігінің жеңімпазы. Новосибирск қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы.

2011 жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері. Спорт интернаттар арасындағы ҚР біріншілігінің жеңімпазы. Тайландтың Банкок қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

2012 жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы. Бишкекте, Оренбургте, Красноярскте өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

2013 жылы Жастар арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы. Анкарада, Бакуде өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. ҚР ІІІ жастар спорт ойындарының жеңіипазы. ҚР Жазғы Универсиядасының күміс жүлдегері. Болгарияның София қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2015 жылы жастар арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы. Грецияда өткен Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері.  Мьянмада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ересектер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері.

2016 жылы ересектер арасында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері.

2017 жылы 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының жеңімпазы. Ересектер арасындағы ҚР чемпионатының қо

kx6n5ge0ltu %d0%b5%d1%80%d0%bd%d1%83%d1%802

%d0%b5%d1%80%d0%bd%d1%83%d1%80 %d0%b5%d1%80%d0%bd%d1%83%d1%801


Презентация Мектеп мактаныштары