Мектеп директоры оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында есеп беру кездесуі

Featured Image

ҚР Үкіметінің “Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін өткізу” 29-тармағын орындау мақсатында 26 қазан күні мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ZOOM білім беру платформасында “Мектеп директоры оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында есеп беру кездесуі” тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысын өткізді. Анар Каиркеновна өз сөзінде мектептің 2020 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметі: ағымдағы шығындар; 2020 жылға ағымдағы жөндеу жүргізу; материалдық-техникалық базаны, оның ішінде компьютерлік техниканы жаңарту; жаңартылған мазмұн бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу; физика кабинеті, жалпы оқыту қоры бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың киім-кешегіне арналған шығындар туралы есеп берді.

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.