МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ мектеп қабырғасында өтеді.

Featured Image

Соңғы қоңырау 25 мамырда, ал аттестат тапсыру салтанатты рәсімі 16-17 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр. ⠀ Соңғы екі жылда пандемияға байланысты дәстүрлі мектеппен қоштасу кешін өткізуін тоқтап қалды. Қазір эпидемиологиялық жағдай жақсарып, шараны өткізуге мүмкіндік бар. Бірақ мектеп бітіру шараларының барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. ⠀ Түлектердің ата-аналарына бұл іс-шараларға қажетсіз шығындалудың тиімсіз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. ⠀ Мектеп бітіру шараларына мектептің педагогикалық ұжымы және түлектермен қатар, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалар қатыса алады. ⠀ Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өз күшімен ұйымдастырады. Мектеппен қоштасу кешіне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды шақыруға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға алынған автокөліктермен экскурсиялар өткізуге болмайды. Оған қоса, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынады

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.