«Мектепке жол» республикалық акциясы

Featured Image
2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
📚Оқушылардың жазғы демалысының аяқталуымен, көңілді демалыс күндерін артқа тастаған балалар енді ерекше серпіммен кезекті оқу жылына аяқ басады. Балаларды мектепке дайындаудың әуресі әркімге аян. Осы орайда жүрегі жомарт, қайырымды ел азаматтары «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созса игі.
📢Қайырымдылық акциясы шеңберінде ауданымыздың барлық азаматтарын ауылымыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін игі жақсылық жасауға шақырамыз!
📞Демеушілік көрсететін аудан тұрғындары мен қонақтарын Жалтыр жалпы орта білім беру мектебіне (Кеңтүбек ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 15/1-үй, тел. 87078989172) жолығуын сұраймыз.
Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы жалғасады.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
2
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.