«Мектепке жол» акциясы

Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі де  «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыс жасалуда. Акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» үндеуімен өтті.
Мектепте Республикалық «Мектепке жол» акциясының өтуіне байланысты іс- шаралар жоспары бойынша логотип  жасалып, ақпараттық стенд безендіріліп ілінді. Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларына рейд жасалынды. Рейд барысында көмек қажет ететін отбасылары анықталып, ата-аналар тарапынан өтініштер түсті.
Республикалық акцияның өту барысында мектеп әкімшілігі шаруашылық қожалықтарға, ауыл әкімшілігіне, жеке кәсіпкерлерге хаттар жолдады. Мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдау үшін  «Мейірімді қолдар»  акция негізінде мектепте контейнер орнатылды.
    Мектеп бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны – 62, көп балалы отбасынан 30, толық емес отбасынан 26 бала. Акция барысында мектептің аз қамтылған, көп балалалы, толық емес оқушыларына материалдық көмек көрсетілді. Демушілердің арасында белсенділік танытқан «Ақылбек» шаруа қожалық басшысы Мусапов Әлібек, жеке кәсіпкер Мусапова Айшакар, ауыл азаматы Жапишев Рашид, «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС басшысы Галеев Эльдар Минирович,  «Қазақавтожол» РМК-ның Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-85 басшысы Дарабаев Заңғар Қылышбекұлы, «Ғалымжан» шаруа қожалығының басшысы Кисанов Қуаныш Мұхамедқалымұлы қолдау білдірді. Мектеп ұстаздары кеңсе тауарымен жалпы сомасы 50000 теңгені құрайтын көмек көрсетті. Жалпы көрсетілген көмек сомасы 200000 теңгені құрайды.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.