Май ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сайлау жолымен балалар өкілдіктерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Featured Image
Май ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сайлау жолымен балалар өкілдіктерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Балалар өкілдіктеріне барлық білім беру ұйымдарынан неғұрлым белсенді және жауапты балалар қатысуда.
Сайлау дауыс беру арқылы өтеді;
20 қыркүйек 30 қыркүйек аралығында аудандық мектептерінен өкілдердің кандидаттары бекітіледі, аудан мектептерінің ішінен аудандық өкілеттікке бір өкіл таңдалып облыстық конкурсқа қатысатын болады.
Сайлау ұсынған балалардың қатысуымен конкурстық негізде өтеді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1. «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру);
2. кандидат бағдарламасының тұсаукесері;
3. брифинг (кандидаттарға сұрақтар).
Іскерлік ойынның үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткер аудан балаларының өкілі болып тағайындалады.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.