
Кітапхана жалпы көлемі 60 кв.м, 1 оқу залында 10 орынды, 1 кітап қоймасы бар.
Кітаптар қоры 15002 дана
Оның ішінде көркем әдебиеттер 8556 дана
Мектеп оқулықтары 6446 дана
Оқырмандар саны 171 адам
Кітапханаға келу саны 2800 адам
Берілген кітаптар саны 3125 дана
Электронды оқулықтар 127 дана
Мектеп кітапханашы туралы мәлімет
Аты-жөні: Айдарханова Гулмайраш Коныровна
Туған жылы: 25.10.1954
Білімі: арнаулы орта
Бітірген оқу орны: Семей қаласының Абай атындағы кітапхана техникумы 1976 жылы
Еңбек өтілі: 27 жыл
Кітапхананың 2016-2017 оқу жылының жылдық жоспары.
Мектеп кітапханасы активінің жұмыс жоспары. 2016-2017 оқу жылы
Кітапхана жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақ зердесіне ұлтқа тән рухани құндылығымызды ұялататын халықтық тәрбие тағылымдарын, салауатты өмір салтын насихаттау;
- Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрлерімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай, оқу мәдениеті қалыптасқан оқушыны тәрбиелеу;
- Егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымызды жан – жақты жетілдіруге байланысты этнопедагогика, жантану, тарих, филология, математика және т.б. ғылым салаларындағы тәжірибелерді, ғылыми зертеулерді, әдістемелік сипаттағы материалдарды үзбей насихаттау;
- Әтномәдениеттің бағалы құндылықтарын меңгеру арқылы адамгершілік қасиеті мол, өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу;
- Оқушыларды ғаламтор сайттарын еркін, тиімді, сауатты, ұтымды пайдалануға дағдыландыру;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Оқушыларға кітапхана қорынан кітап таңдауға үйрету;
- Кітапқадеген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кітапхана жұмысының міндеті:
- Кітапханаға оқырмандарды тарту;
- Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Кітап қорын насихаттау;
- Кітапты талғаммен оқуға баулу;
- Кітап қорын үнемі жаңа кітаптармен толықтыра отырып, дәстүрлі каталогтар мен картотекалар, электронды каталогтар құру;
- Атаулы күндерге мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу;
- Жаңа кітаптарға ұсынба тізімдер жасау;
- Мектепішілік өткізілетін мәдени шараларға материалдар жинақтау
Кітапханашының күнделікті міндеті:
- Жаңа оқырмандарды кітапханаға жазу;
- Қарыз оқырмандардың формулярын қарап, тізімдерін жасау;
- Баспасөз беттеріндегі ағымды жаңалықтар легіне карточкалар толтырып картотекаға құю;
- Оқырмандарға оқу залында, абонементте қызмет көрсету. Сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыру;
- Оқу айналымынан қайтарылған кітаптарды кітап қорына құю;
- Жаңа түскен кітаптарды кітапханалық өңдеуден өткізу;
- Оқырман күнделігін уақытылы толтырып отыру;