
“Қазақ халық ертегісі” дыбыстық кітап топтамасы. Астана, 2015. Қазақ ертегілерінде халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы көрсетілген. Ұлт қарапайым тілмен бала тәрбиесіне адамгершілік-этикалық, өнегелі құлықты енгізе отырып, Қазақстан Республикасы азаматы атына лайықты болуына өлшеусіз үлес қосады.
Құрастырушы Калиев Р.А, Нұржанова А.С
Суретші: Еленбаева Ш.Н т.б
Жасөспірім оқырмандарға арнйы түскен кітаптар тізімі:
- Бәсіре. 1-кітап
Жасөспірімдерге арналған сөзтаным кітабы. Құрастырған – Байбота Қошым- Ноғай. Алматы: Эксклюзив КА, 2015. -104 б.
Бұл кітапта кішкентай оқырмандардың жас ерекшелігін ескеріп, іріктелген әңгімелер, өзінің шұрайлы тілімен, тапқыр шешімімен, қызықты оқиғасымен балаларды баурап алады.
- Бәсіре. 2- кітап
Жасөспірімдерге арналған сөзтаным кітабы. Құрастырған – Байбота Қошым- Ноғай. Алматы: Эксклюзив КА, 2015. -542 б.
Балалардың таным- түсінігін кеңейту мақсатында олардың назарын аудару үшін тосын көне, ежелгі сөздер мәтіннен бөлінген күйінде көрсетіледі. Бұл балалардың сол сөздерге деген қызығушылығын тудырады.
- Әбішев А.К. Менің алғашқы кітабым топтамасынан «Балаларға арналған ертегілер». – Астана. 2015. 20б.
- Жинақ кішкентай бөбектен бастап, жалындаған жасөспірімді де қызықтырады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қызмет хроникасы 1990-1991 жылдар, Астана 2013.
Кітапта 1990-1991 жылдары елімізде және шет елдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған. 1990-1991 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қызмет хроникасы 1992-1993 жылдар, Астана 2013-596 б.
Қызмет хроникасы 2014 жыл, Астана 2015-372 б.
Бұл кітаптарда кезекті басылымдар табылады.
Боздақтар. Книга памяти. Павлодар облысы. –Павлодар : ЭКО , 2014. 4т.-644 б.- Қазақша, орысша.