“Жас Ұлан, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Featured Image
Жас Ұлан”-жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекен жыл сайын тойланды ұйым!
Жанғырып жанданатын жылдан-жылға
ЖасҰлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
⚜️⚜️ Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып және “Жас Ұлан” ұйымының 10 жылдық мерей тойына арналған “Жас Ұлан” ,”Жас Қыран” республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 4- сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.
⚜️⚜️ “Жас Ұлан, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 4-сынып 3 оқушы ұйым қатарына қабылданды.
Салтанатты жиында Кеңтүбек селолық округінің әкімі Бакауов Серік Бекенұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Ботабай Қабыкен Болатұлы және мектеп басшысы Жаныгулова Анар Каиркеновна “Жас Ұлан”,”Жас Қыран” ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап келешек ұрпаққа сәттілік тіледі.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.