«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау

Featured Image

2020 жылдың 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай “Біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз” тақырыбында мектеп белсенділерін «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынды аға тәлімгер К.Н.Смагулова ұйымдастырды. Іс-шара барысында барлық санитарлық ережелер сақталды. Қабылдау рәсімінде ұйымның мақсаты, міндеті, ережелерімен таныстырылды. Оқушыларға ҚР туының түсіндей галстук тағылып, Республикамыздың мемлекеттік әнұраны орындалып, жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі өтті.
6 оқушы “Жас Ұлан”, 4 оқушы “Жас Қыран” қатарына қабылданып, ұйым мүшелігінің куәлігі табыс етілді.
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болатындарыңа сенеміз!

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.