Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы.

Featured Image
Жалтыр жалпы орта мектебінде 22 мамыр күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында Жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысын өткізуді ұсынысы бойынша жиналыс өткізілді.
Жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысының мақсаты: ата -аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020 -2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата -ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей – тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Жалпыреспубликалық ата-аналар тұжырымдамасымен таныстыру;
2. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы;
3. Жазғы мектептің ұйымдастырылуы;
4. Жазғы демалыстағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі;
5. Соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі.
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен өмір қауіпсіздігіне тікелей ата -аналар жауапты екендігі жиналыс барысында ескертілді. Сынып жетекшілер биылғы оқу жылының жетістіктеріне тоқталып өтті.
Мектебіміздің 1-4, 6-11-сынып ата – аналарымен офлайн жиналыс, ал 5- сынып оқушыларының ата -аналарымен жиналыс онлайн форматта өтті. Ата – аналарды жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасымен таныстырып, сонан соң жазғы мектептің ұйымдастырылуы және 2020-2021оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиналыста жазғы мезгілде әр баланың жеке өмірі мен қауіпсіздігіне ата -ана жауапкершілігі күшейтілетінін қатаң ескерілді.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.