Амангельдинова Жанель Нұрлановна

Featured Image
Мен, Амангельдинова Жанель 04.11.05 жылы дүниеге келгем,Май ауданы,Кеңтүбек ауылында тұрамын.
Жалтыр орта мектебінде 1-кластан бастап оқимын. Сабақ үлгерімі өте жақсы,оқу озатымын. Қызыға оқитын пәндерім: география,тарих.Сабақтан бос уақытында спорт секциясына қатысамын.
Менің мінезім ашық, жайдарлы, көпшіл, сыныптастар арасында сыйлымын. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білемін.
Мектеп шараларына белсенді қатысамын және мектеп өміріне жауапкершілікпен қараймын. Сынып ішінде толып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрамын. Көп кітап оқығанды ұнатамын және өз білімімді жан – жақты жетілдіремін.
Мен,алдағы уақытта елімді сүйер, Отанға адал еңбек ететін, сенімді азаматша болатыныма кәміл сеніңіздер.Мектепке деген сүйіспеншілігім шексіз. Болашақта ұстаз болуды армандаймын сондықтан мектеп туралы арман қиялдарымда баршылық, алтын ұя мектебімді құрметтеуге, қадірлеуге ешқашан жалықпаймын.Өз басым мектепте өтетін шараларға да атсалысып, өз өнерлерімді көрсетіп, сайыстарға да қатысамын. Қосымша сабақтарға да қатысуға уақыт табамын. Маған сеніп дауыс берулеріңізге болады.Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын!!!
Кандидат бағдарламасы:
І.Үнемі мынадай үндеулер тастағым келеді.
Үндеу
1. Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, зиянды заттардан/ шылымнан, есірткіден/ аулақ бол.
2. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.
3. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың демекпін.
ІІ. Құқық бұзушылық деген қылмыс екенін және мектепішінде тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары анық екенін түсіндіру шараларын ұйымдастыру.
ІІІ. Ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру жағын қарастырамын.
Онда:
Бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыруға құқылы екенін ұғындырамын;
Балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқылы екенін түсіндіремін;
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.