
“Бір ел-бір кітап” акциясы Дулат Бабатайұлына арналған.
«Жырын тыңда Дулаттың»
2016 жылдың 23 қыркүйек күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Бір ел – бір кітап акция» аясында жыл авторы Бабатайұлы Дулаттың «Өсиетнама» кітабына ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары Дулат Бабатайұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Абай дәуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» кітабында жарық көрді. ХІХ ғасырдан бері оқырмандарға беймағлұм қыруар толғаулары осы жинаққа енгізілген. «Өсиетнама» жинағы жас ұрпақтарға мәңгілік мұра болып қалады.
Шара барысында көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.10-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана Дулат Бабатайұлының өмірбаянын баяндап, жатқа өлеңін оқып берсе, 10-сынып оқушысы Шукутаева Айсана,8-сынып оқушылары Рыскалиева Назерке,Тұрарбек Гауһар,Сыздыкова Сания,7-сынып оқушылары Қабиден Санжар,Құттымбет Ернур дастандардың үзінділерін жатқа оқыды.Оқушылар оқыған өлеңдерін талқылап, өз ой-пікірлерін жеткізе білді. Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.С.Жексенова қорытындылай келе оқушылардың қабілетіне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта осы шараға қатысқан оқушылар марапатталады.
Ілияс Есенберлин “Көшпенділер” трилогиясы бойынша акция өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға 15-19 ғасырдағы қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі, қазақ халқының қалыптасуы, кемеңгер көсемдердің қайталанбас қасиеттерін көрсету.
Акция барысында 10-сынып оқушылары Смағұл Айгерім мен Кусманова Самал Әлияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндап берді. Оқушылар “Көшпенділер” трилогиясынан үзінділер оқыды. Интербелсенді тақта арқылы “Көшпендәлер” филімінен үзіндісі көрсетілді.