АДАЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ

Featured Image
2021 жылғы 4 қараша күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында
“Бала құқығы – адам құқығы” тұжырымдамасы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында
2-6- сынып оқушылары арасында “Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі” тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Байқауды көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж.О.Қайырбек жүргізді.
Байқаудың мақсаты: Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез – келген көріністерін ой елегінен өткізген оқушылар, қағаз бетіне қылқаламмен, түрліше бояу тілімен бейнеледі. Оқушылардың жұмыстарында өзінің еңбегіне деген шыншылдық, адалдық, параға төзбеушілік туралы көріністері бейнеленген.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.