Аудандық пән олимпидасы


2021 жылы қаңтар айында Оқушылар сарайын ың ұйымдастыруымен «ЭКО-Жер» аймақтық қашықтық жарысы өтті. Байқауға Павлодар облысының 7-10 жастағы мектептерінің 34 оқушысы қатысты. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында энергия үнемдеу, су үнемдеу және ауаның ластануы туралы айтып өтті. Экологиялық мәселелерді шешудің өз нұсқаларын ұсынды, суды үнемдеуге, қоқыстарды сұрыптауға және қайта пайдалануға болатын заттарды пайдалануға шақырды. Оқушылар барлығы адамдарға, олардың табиғатты құрметтеуіне, аялауына байланысты екенін айтады. Табиғат жағдайы адам денсаулығына әсер етеді. «ЭКО-Жер» аймақтық қашықтық байқауының қорытындысы бойынша Жалтыр орта мектебінің 3-сынып оқушысы Болатбекқызы Лайла жүлделі 3-орынды иеленді.
Мектеп тәрбие жұмысын жүзеге асыру аясында жоспарлы түрде орыс тілі пәнінің мұғалімі С.К.Батаева Кеңес Одағының батыры И.А.Скляровтың туған күніне орай “Біз есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз!” тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырды.
IQanat” білім қорының ұйымдастыруымен ауылдық мектеп оқушыларының білім алуға ынтасын арттыру мен ең үздіктердің ішіндегі үздіктерді анықтау мақсатында 8-сынып оқушылары үшін IQanat олимпиадасының I кезеңі өтті. Олимпиадаға 8оқушы қатысты. @iqanatkz
Жалтыр орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қ.М.Жаксымбетов Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай “Біз батыр ұрпағымыз” тақырыбындағы сурет көрмесін ұйымдастырды. 5-сынып оқушылары белсене қатысуда.
Мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Э.Е.Базылбаева Қорытынды аттестаттау бойынша ата-аналармен, оқушылар мен пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді. Қорытынды аттестаттау өткізу ережесімен таныстырды.
6-9 сынып аралығында “Ою-өрнек Party” өткізілді. Оқушыларға ою-өрнек еріктілігін дамыту туралы толық мағлұмат бере отырып. Алған білімдерін өз бетінше қолдана білу қадағаланды, эстетикалық талғамы қалыптастырылды.Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан басталған қол өнердің барлық түріне ортақ әсемдеп әшекейлеуді білді.
Ұлт азаттық көтеріліс көсемі Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл «Біз батырдың ұрпағымыз» атты 8-9- сыныптар арасында жайдарман сайысын тарих пәнінің мұғалімі Н.Бакауова, мектеп кітапханашысы Ш.Алдангорова өткізді.
«Махаббат пен Шығармашылық педегогикасы» тақырыбында онкүндіктің өтілуіне орай оқушылардың ана, мейірім, бейбітшілік, достық туралы жасалған шығармашылық жұмыстары /өлең, әңгіме, ертегі құрастыру / көрмесі он екі күн ішінде жұмыс атқарды. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, ізденуге дайындау. Оқушыларды шығармашылық жұмыстар арқылы мейірімділіктің адам өміріндегі маныздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, адамгершілік тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктері байқалды. Оқушыларды берілген тапсырмаларға белсене қатысыра отырып, өз ойларын ашық жеткізе білуге дағдыландырылды.
Мектеп психологі А.К.Абеуова “Мейірімге толы жүрек” тақырыбында психология онкүндігінің іс – шара жоспары негізінде «Ата – аналар күні» деп аталып, күннің ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады». Мектеп ата-аналарына сынып жетекшілермен бірігіп «Балалармен өмiр сүру өнерi және сiз қандай ата-анасыз?» атты гугл формада сауалнама алынып, сауалнама қорытындысы бойынша әлеуметтік желілер арқылы ата-аналарға жаднама таратылды.
Ағылшын тілі онкүндігі аясында мектеп түлегі Мырзабекова Ажар Жумагалиевна қазіргі таңда “Brilliant education” @brilliant.education.kz оқу орталығының директоры, ағылшын тілі мұғалімі, мектеп оқушыларына арнап, сыныптан тыс шара дайындады. Оқушыларға қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар беру арқылы ағылшын тілін тез меңгеруге, алған білімдерін тиянақтауға бағытталды.